Тоқаев білім беру мен балалар қауіпсіздігіне қатысты заңға қол қойды.
Кейбір заңнамалық актілерге балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша толықтыру енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.