Қатонқарағайда Өрел өзені арнасынан асып, 3 үй мен 9 ауланы су басты

0
438

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Өрел өзені арнасынан асып, үш үй мен тозыз ауланы су басты.


Қатонқарағайда Өрел өзені арнасынан асып, 3 үй мен 9 ауланы су басты

ERNUR.KZ. Қатты аяздың салдарынан ауылдың іргесінен ағатын өзен сағасына мұз қатып, судың деңгейі көтерілген, деп жазады zakon.kz.

Өрел өзені кеше кештен бастап көтеріле бастаған. Түнге қарай жағаға жақын үйлерге су кірді. Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай бөлімі мамандары бірге жағдайы реттеуге кірісіп кетті. Үш үйдің жертөлесіне кірген суды мотопомпамен сорғызған. Құм салынған қаптардан бөгеттер жасады.

Қазіргі уақытта техника жұмылдырып, арнасы тазаланып жатыр. Су көтерілу фактісі кеше тіркелген болатын. Түнімен кезекешілік ұйымдастырылды. Қаптармен судың жағасына бөгеттер жасалынды. Барлығы жұмылдырылып жұмыс жүргізілуде. Жағдай бақылауда.Ділдар Қалиқан, Қатонқарағай ауданының әкімі

Жағдайды бізде бақылауда ұстаймыз.Үй мен ауласын су басқан тұрғындар эвуакцияланған жоқ. Қазір Өрел өзенінің арнасын арнайы техникамен кеңейтіп қар мен мұзды ойып жатыр.