Кавасаки синдромы: Нұр-Сұлтанда жеті балаға диагноз қойылды

0
716

​Елордада осы ауруды зерттейтін дәрігерлер мен медициналық университеттің профессорларынан құралған арнайы топ жұмысын бастады.


Кавасаки синдромы: Нұр-Сұлтанда жеті балаға диагноз қойылды

ERNUR.KZ. "Астана – адалдық аласы" жобасының тікелей эфиріне қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тимур Мұратов жеті балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты, деп жазады sputniknews.kz.

"Әңгіме Кавасаки синдромы туралы емес, Кавасакиге ұқсас синдром туралы болып жатыр. Бұл балалардағы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық курсынан зардап шеккеннен кейін пайда болатын қабыну процесі. Бүгінгі таңда қаламыздағы үш балалар ауруханасында жеті бала бар. Олардың екеуінде COVID-19 расталды, антиденелер бар", - деді Тимур Мұратов.

Ал қалған бес балада коронавирустық инфекцияға қатысты тексерістер нәтиже көрсеткен жоқ. Олар өздерін жақсы сезінеді.

Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады.

Айта кетейік, балалардағы Кавасаки синдромының белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.