​Қазақстан азаматшасы Оңтүстік Кореядан фабрика ашты

0
1 573

Косметикалық заттарға алтын ұнтағы косылады екен.


​Қазақстан азаматшасы Оңтүстік Кореядан фабрика ашты

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяға оқуға барған Қазақстан азаматы сол елде кәсіп ашып, іскер атанды. Қазір Галина Алимова Инчхон қаласындағы косметикалық фабриканың иесі, деп жазады 24.kz.

Оның зауытының өнімдері Оңтүстік Кореяда ғана емес Қытай, Жапония, Еуропа тіпті Америкада сұранысқа ие. Галина өз өнімдерінің кейбіреуіне қазақша атау берген. Дегенмен оның жасалу жолы мен құрамын жасырын ұстайды. Жалпақ жұртқа белгілісі косметикалық заттарға алтын ұнтағы косылады екен. Компанияда он адам жұмыс істейді. Олардың екеуі Қазақстан азаматы. Олар Инчхондағы кәсіпорында тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырып жүр. Өйткені келесі жылы жерлесіміз өз отанында зауыт ашуды жоспарлаған. Кәсіпкердің айтуынша Қазақстанда косметика жасауға қажетті шикізат жеткілікті.

Галина Алимова, зауыт басшысы:

- 2019-да ашам деген ойдамын. Өзім тұған еліме, халқыма көмектескім келеді. Көрсеткім келеді. Мысалы Алатаудың өзіңде де қыс мезгілі, қыс пен көктем бәйшешектер сол деген өте-өте құрамында адамның бетіне, терісіне өте жақсы дейді. Сондайдан жасағым келеді. Сосын дейтін біздің балдар бар. Солар да жақсы. Неше тұрлді шампуннан бастап маскіге дейін жасауға болады.