2020 жылдың қаңтарында еліміз 5,6 пайыз өсіммен әлемдегі тұтыну бағаларының артуы бойынша алғашқы үштікке енді.
ERNUR.KZ. Азық-түлік бағасының өсуі бойынша Қазақстан әлемде екінші орында. Мұндай мәліметті Ресейдің федералдық статистика комитеті келтірді, деп жазады Atameken Business.
Оған сай, 2020 жылдың қаңтарында еліміз 5,6 пайыз өсіммен әлемдегі тұтыну бағаларының артуы бойынша «көшбасшылардың» үштігіне енді. Аталған антитопта біздің ел тек, Түркияға жол берген.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда азық-түліктің бағасы Түркияда 12,2%-ға, Қазақстанда 5,6%-ға, және Қытайда 5,4%-ға өскен. Ал бірқатар елден керсінше көрсеткішті байқауға болады. Мәселен Италияда баға орташа есеппен 1,8%-ға түскен. Ал Испания, Мальта, Греция, Нидерланды, Швеция және Бельгия тұрғындары тұтыну тауарларын өткен жылмен салыстырғанда 1 пайыздан 1,4 пайызға дейін арзанырақ сатып алған.