Үкіметтің кредиторы Халықаралық қайта құру және даму банкі болады.
ERNUR.KZ. Мәжілісмен Мұрат Құсайыновтың айтуынша, қаражат республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақты қолдауға бағытталады, деп жазады inbusiness.kz.
"Халықаралық қайта құру және даму банкінің қарызы Қазақстанға 345,7 млн еуро сомасында беріледі. Қайтару мерзімі 11,5 жыл, оның ішінде 2,5 жыл жеңілдік кезеңі бар. Комитет жоба бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдау сұраймын", - деді ол.
Айта кетейік, мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (жеке секторға негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз және экономиканы тұрақты қалпына келтіру) ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды.