Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бапкерінің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

0
308

60 жастағы ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.


Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама бапкерінің жалақысына қатысты мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде алатын жалақысы туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады inform.kz.

Кейбір ақпарат көздері ресейлік маманның болжамды жалақысын жылына 1,2 миллион еуро деп атаған.

– Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді.
Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра, бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды, - деп жазды федерациядан.

Спорттық ұйым Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылғанын да атап өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 60 жастағы ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.