Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл соңғы 10 жылдағы рекордты көрсеткіш.
ERNUR.KZ. Өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаны құрап, кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады inform.kz.
«Пандемияға дейін –2019 жылы аусылға қатысты мәртебе таза болған кезеңде ет экспорты 9,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қытайға – 3,6 мың тонна, Ресейге – 2,1 мың тонна және Иранға 2,3 мың тонна ет экспортталды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша солтүстік-батыс өңірлерде аусылға қатысты мәртебе таза болмағанына қарамастан, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Қырғызстанға экспортты қайта бағдарлай алдық және экспорт көлемін 2,9 есеге арттырдық», – деді Е. Қарашөкеев Үкімет отырысында.
Нәтижесінде өткен жылы ет экспорты 28,7 мың тоннаға жеткен, бұл соңғы 10 жылдағы рекордты көрсеткіш.
«Бұл үрдіс ағымдағы жылы да сақталуда. Өзбекстанға шығарылған ет экспорты 134 есе, ал Біріккен Араб Әмірліктеріне 8 есе артты», – деді министр.