Қазақстан кемелеріндегі мамандардың 40 пайызы шетелдіктер

0
519

2020 жылы теңіз мамандықтарының оқу ақысы 636 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін қымбаттатылған.


Қазақстан кемелеріндегі мамандардың 40 пайызы шетелдіктер

ERNUR.KZ. Қазақстаның теңіз флотында жүрген кәсіби мамандардың 40 пайызы шетелдіктер. Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов Орталық коммуникациялар қызметінде осындай дерек келтірді, деп жазады inform.kz.

«Саладағы кадрлық әлеуетке келетін болсақ, отандық теңіз флотының жүзу құрамында 1,5 мыңға жуық теңізші бар. Оның 900-і Қазақстан азаматтары, 600-і шетелдіктер. Жалпы теңіз көлігі кадрларына қажеттілік шамамен 200 адамға тең. Теңіз көлігі мамандарын екі жоғары оқу орны даярлайды – Қазақстан-Британ техникалық университеті жанындағы Қазақстан теңіз академиясы және Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті», - деді ол.

Комитеттің анықтама мәліметі бойынша, 2020 жылы теңіз мамандықтарының оқу ақысы 636 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін қымбаттатылған. Қазақстан-Британ техникалық университеті енді оны 2,5 млн теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Комитет Ғылым және жоғары білім министрлігіне осы ұсынысты қолдап хат жолдап отыр.