Президент Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады.
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрағанын, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық екенін жариялаған болатын.