Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді

0
1 004

Йеменде қызылшаның 23 мыңнан астам жағдайы тіркелген, Үндістанда – 15 мыңға жуық, ал Қазақстанда – бұл көрсеткіш 12 985 жеткен.


Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді

ERNUR.KZ. АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) қызылшаның жаһандық эпидеті туралы деректерді ұсынды, нәтижесінде Қазақстан ауру жұқтырғандар саны бойынша көшбасшы елдердің қатарында тұр, деп жазады stan.kz.

Мәліметтер көрсеткендей, Йеменде қызылшаның 23 мыңнан астам жағдайы тіркелген, Үндістанда – 15 мыңға жуық, ал Қазақстанда – бұл көрсеткіш 12 985 жеткен. Одан кейін тізімде Эфиопия 11 мыңнан астам жағдаймен, Пәкістан 8 мыңнан астам, Конго Демократиялық Республикасы – 6 мыңға жуық және Ресей – 4305 тұр.

CDC бұл деректерді қараша айының басында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан алған.

Бұған дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылша ауруының саны 20 мың адамнан асты деп жариялаған болатын. Сарапшылардың пікірінше, коронавирустық инфекцияның пандемиясы жағдайға айтарлықтай әсер етті: 2020 жылдан 2022 жылға дейін қызылшаға қарсы вакцинаның 61 миллион дозасы қабылданбаған немесе кешіктірілген.