Жер асты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да тіркелді.
Скриншот Google Карта
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.
Жер асты дүмпуі 22 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 06:30-да тіркелді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Еске салайық, 2025 жылы 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.