Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер қайта жандануы мүмкін

0
685

Бірінші кезеңде паритеттік негіздегі тұрақты рейстер жанданады.


Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер қайта жандануы мүмкін

ERNUR.KZ. Өзбекстан Қазақстанмен әуе рейстерін шілде-тамыз айларында қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

ӨР арнайы республикалық комиссиясына шілде-тамыз айларында Түркия, Ресей, БАӘ және Қазақстанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру туралы ұсыныс айтылды.

ӨР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Навруз Ашурмуратовтың айтуынша, бірінші кезеңде паритеттік негіздегі тұрақты рейстер жанданады.