Қазақстан мобилизациядан қашқан офицерді Ресейге депортациялады

0
744

Жилин әйел-баласын алып, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін елінен кетіп қалған.


Қазақстан мобилизациядан қашқан офицерді Ресейге депортациялады

ERNUR.KZ. Қазақстан РФ Федералды күзет қызметінің офицері Михаил Жилинді Ресейге депортациялады. «Новая газета Европа» газетіне бұл ақпаратты оның зайыбы Екатерина растаған, деп жазады ulysmedia.kz.

"Адам құқығы жөніндегі бюро (Қазақстандық халықаралық) мұны растады. Бюроның өзі миграциялық полицияға сұраныс жолдаған. Ал олар Михаилды шекарашыларға тапсырған. Ал шекарашылар оны Ресейге жіберген», - дейді Жилиннің зайыбы.

Жилиннің әйелі күйеуін Ресей тарапы сұрап алғанын, ал депортацияға шекараны кесіп өту ережелерінің сақталмауы себеп болғанын айтады. Оның айтуынша, оны кез келген елге депортациялауға болар еді. Алайда дәл Ресейге алып кеткен.

Қазір зайыбы Жилиннің қайда екенін білмейді.

Жилин әйел-баласын алып, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін елінен кетіп қалған. Ресей шекарашылары шекарадан өткізбей қоя ма деген қауіппен ол орман арқылы Қазақстанға өткен. Ақыры Қазақстан тарапы Жилинді заңсыз шекараны кесіп өтті деген, ал Ресей дезертир ретінде айып тақты. Қазақстан Жилинге босқын мәртебесін беруден бас тартты.