Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қой экспорттайды

0
165

Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификат беруге келіскен болатын.


Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қой экспорттайды

ERNUR.KZ. Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қой экспорттайды. Бұл мәселе АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Самат Төлегеновтың Моңғолия Ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесуінде талқыланды, деп жазады

Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификат беруге келіскен болатын.
"Қыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргізді. Ветеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды", - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ тараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.