Қазақстан мұнай өндіру жоспарын асыра орындады

0
416

2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлем өтеледі.


Қазақстан мұнай өндіру жоспарын асыра орындады

ERNUR.KZ. Қазақстан ОПЕК+ келісімін бұрынғыдай толық орындайды, деп жазады sputnik.kz.

"Келісіммен бекітілген тәуелсіз дереккөздердің бағалауына сәйкес мамыр айында Қазақстан Республикасы тәулігіне 45 мың баррельге міндеттемелерді асыра орындады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан осы артық өндірісті өтейді және қосымша ерікті қысқартуларды қоса алғанда, маусым айында міндеттемелерді толық орындайды, деп атап өтті ведомство.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы 2024 жылдың басынан бастап 2025 жылдың қыркүйек айының соңына дейін созылатын өтемақы кезеңі ішінде артық өндірілген көлемді өтейді.
Қазақстан Республикасы алдағы күндері ОПЕК хатшылығына өзінің жаңартылған өтемақы кестесін ұсынады.