Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8 орында – Бағдат Мусин

0
1 042

Алматыда «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форум өтіп жатыр.


Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлем бойынша 8 орында – Бағдат Мусин

ERNUR.KZ. Қазақстан онлайн қызмет көрсетуден әлемде 8-орында тұр. Бұл туралы «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы барысында Бағдат Мусин айтты, деп жазады inform.kz.

Оның айтуынша, елімізде қызмет түрлерінің 93 пайызы электронды түрде көрсетіліп жатыр.

«БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан онлайн қызметтерді ұсыну бойынша 8-орында, ал «электрондық үкіметті» дамыту бойынша 28-орынға орнықты. Қазір қазақстандықтар автокөлікті үйден шықпай ақ 5 минутта тіркей алады. Тұрғындардың 85 пайызы қолма-қол ақшасыз есеп айырысады. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93 проценті электронды форматта көрсетіледі. 50 миллион анықтама цифрлық форматқа көшірілген», - деп атап өтті Бағдат Мусин айтты.

Айта кетейік, Алматыда «Digital Almaty: Х индустриясы – болашақтың цифрлық эволюциясы» атты цифрлық форум өтіп жатыр. Цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатысып жатыр.