Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабуға ниетті

0
563

Қаулыны қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.


Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабуға ниетті

ERNUR.KZ. Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабуды жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының бұл жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

"Қазақстан үкіметі қаулы етеді: сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - делінген құжат мәтінінде.

Сауда және интеграция министрлігіне қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы негізінде нақты шараларды қабылдау тапсырылды.

Қаулыны қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.
Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігі - Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық мүдделерін білдіретін мемлекеттік орган. Екі елдің арасындағы "сауда өкілдіктерін өзара құру туралы" келісімге 1992 жылы 22 қазанда қол қойылған болатын.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің негізгі бағыты:
Қазақстанның экспорттаушылары мен дистрибьюторларына Ресей нарығына шығуға және тұрақтау үшін қайтарымсыз көмек көрсету;
Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту;
Қазақстанның тауарлары мен қызметтерін Ресей нарығына шығару, өңірлер деңгейінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту.