Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы дауыс берді

0
1 214

Бұл мәліметті облыстардың, республикалық маңыз бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған.


Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы дауыс берді

ERNUR.KZ. Қазақстан сайлаушыларының 51,8 пайызы таңдау жасады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облыстардың, республикалық маңыз бар қалалардың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 14-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 56,7, Ақтөбе облысы бойынша 69,4, Алматы облысы бойынша 63, Атырау облысы бойынша 45,4, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 59,8, Жамбыл облысы бойынша 56,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 40,9, Қарағанды облысы бойынша 49,7, Қызылорда облысы бойынша 63,1, Қостанай облысы бойынша 55,8, Маңғыстау облысы бойынша 52,4, Павлодар облысы бойынша 45,9, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 53,6, Түркістан облысы бойынша 49,3, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,6, Алматы қаласы бойынша 37, Шымкент қаласы бойынша 40,5 пайыз", - деді Зәуреш Баймолдина.

Оның атап өтуінше, дауыс беру заң аясында өтіп жатыр.