Іс-шараға дайындық қаңтар айында басталды.
фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. 7 мамырда Астанада Төтенше жағдайлар министрлігі тарихында алғаш рет ведомствоның 170 әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады. Олардың арасында министрдің бастамасымен құрылған «Айбат» арнайы бөлімшесінің жауынгерлері бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Іс-шараға дайындық қаңтар айында басталды. Елордада қарқынды жаттығулар өтуде: жеке құрам саптық қадамның айқындығын, қозғалыстардың синхрондылығын және бағандардағы теңестіруді пысықтайды.
Әскери қызметшілер төрт әскери бөлімнен келді: Мартбек Мамраев атындағы №52859, Қасым Қайсенов атындағы №68303, Бауыржан Момышұлы атындағы №28237 және Есет батыр Көкиұлы атындағы №20982. Астанада олар үшін далалық лагерь ашылды, онда тұрғын шатырлармен, асханалармен, моншалармен барлық қажетті жағдайлар жасалған. Тәулік бойы ТЖМ Апаттар медицина орталығының медицина қызметкерлері мен психологтары кезекшілік етеді, сондай-ақ Командалық-штабтық машина орналастырылды.
Шеруге ТЖМ техникасы — «АЛАН» броньды автомобильдері және «Айбат» бөлімшесінің арнайы машиналары да тартылады.
Шеруге қатысу бүкіл ведомство үшін маңызды оқиға болды. Бұл тек саптық түзету мен техникалық жарақтандыруды көрсету ғана емес, сондай-ақ ардагерлердің ерлігіне құрмет көрсету.