Кеше ел қоржынына Париж Олимпиадасының тұңғыш күміс жүлдесі түсті. Оны спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов жеңіп алды.
ERNUR.KZ. Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановты құттықтады, деп жазады inform.kz.
«Нариман Құрбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын! Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз. Жеке бапкеріңіз Хусанжан Кұрбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін! Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!», - деді ҚР ҰОК президенті Геннадий Головкин.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ел қоржынына Париж Олимпиадасының тұңғыш күміс жүлдесі түсті. Оны спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов жеңіп алды.