11-13 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанып отыр.
ERNUR.KZ. Ауа температурасының қысқа мерзімді ауытқуына байланысты қар жауып, көктайғақ болады деп хабарлайды ауа-райын болжаушы мамандар, деп жазады inbusiness.kz.
Сондай-ақ, батыс және солтүстік өңірлерде -32 градусқа дейін аяз көтерілуі мүмкін.
"Сондықтан, ауа-райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарларыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпаратты алуға болады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізіліп, қар тазалау техникалары тәулік бойы жұмыс істейді.