Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруда.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 1 қазаннан бастап жүкті әйелдер және барлық ересек тұрғындар үшін тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды, деп жазады baq.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі болашақ аналарды қызықтыратын вакцинация туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.
Жүктілік кезінде тұмауға қарсы екпе алуға бола ма?
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруда.
Тұмау- инфекциялық ауру, ағзаның штаммына және иммундық реакциясына байланысты ол оңай өтуі мүмкін немесе ауыр асқынулар мен салдарға әкелуі мүмкін.
ECDC (Еуропалық Ауруларды бақылау және профилактикалық орталығы) нұсқауларында: “Тұмауға қарсы вакцинация күтілетін нәтижеден аз тиімді болған жағдайда да, осы инфекцияның ауыр және аақынған ағымының профилактикасының негізгі стратегиясы болып табылады".
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау Еуропа мен Американың көптеген елдерінде 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді, ал иммунологиялық тиімділігі 70-85 % -ға жетеді.
Жүкті әйелдерді тұмауға қарсы вакцинациялау кезінде, ең алдымен, әйел науқас адаммен эпидемиялық байланыста болған жағдайда инфекцияны жою немесе шектеу мақсаты қойылады.
Жүктілік-организмнің қорғаныш күші табиғи түрде төмендейтін физиологиялық жағдай, ананың иммунитеті төмендейді, бұл әртүрлі инфекциялық агенттерге қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әкеледі және тұмау вирусын да жоққа шығаруға болмайды.
Жүкті әйелдер респираторлық инфекциялардың қолайсыз ағымы үшін жоғары қауіп тобын құрайды, олардың арасында тұмау көшбасшы ауру болып табылады, көбінесе жүкті әйелдің өзі және оның іштегі баласы үшін қайғылы жағдайымен аяқталуы мүмкін.
Жүкті әйелдерде тұмаудың асқынуы жиі кездеседі: вирустық, бактериялық пневмония және аралас этиологияның өкпе қабынуы, синусит, бронхит, отит, пиелонефрит және т. б.
Жүкті әйелдерде жиі кездесетін аурудың ауыр ағымында жүрек-қан тамырлары жүйесінің асқынулардыңмдамуы мүмкін. Сондай-ақ, тұмаудык салдарынан эндокриндік жүйенің (қант диабеті), несеп жүйесінің (нефрит, цистит) аурулары жиі күшейеді, бронх демікпесінің эпизодтары байқалады.
Аурудың өте ауыр ағымы мен асқынуларынан басқа, жүкті әйелдердегі тұмау мерзімінен бұрын босану қаупін тудыруы мүмкін, мысалы жүктіліктің өздігінен үзілуі. Ерте кезеңде тұмау вирусы және кейбір дәрі-дәрмектер шарананың ағзалары мен жүйелеріне теріс әсер етуі мүмкін, ал жүктіліктің соңында плацентарлы тосқауыл арқылы енген вирус нәрестеде тұмауды тудыруы мүмкін.
Вакцинациядан кейінгі кезеңде әйелдерде арнайы протективті иммунитет қалыптасады, кейіннен шарананың және жаңуа туған нәрестелерді трансплацентарлы қорғайды.
Вакцинация балаға берілетін және өмірдің алғашқы 6 айында инфекциядан қорғайтын тұмауға қарсы антиденелерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жүктілік кезінде тұмауға қарсы вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер.
Абсолютті қарсы көрсетілім тауық ақуызына аллергиялық реакцияның болуы, сондай-ақ вакцина компоненттерінің жек жақпауы.
Әр әйел үшін бөлек бағалануы керек салыстырмалы қарсы көрсетілімдерге антибиотиктердің әртүрлі топтарына аллергия, алдыңғы вакцинациядағы аллергиялық реакция жатады.
Вакцинация мерзімін толық денсаулығы қалпына келгенге дейін кейінге қалдыру қажет уақытша қарсы көрсетілімдерге респираторлық аурулар, соматикалық аурулардың өршуі, аллергия, екінші және үшінші триместрдегі гестоздар жатады.
Тұмауға қарсы вакцинация ерте кезеңдерде жасалмайды (бірінші триместрде шарана пайда болғанға дейін жүктіліктің 13 аптасына дейін).
Жүктілік кезінде және бала көтеруді жоспарлау кезінде вакцинацияның ең қолайлы уақыты қашан?
Бала көтергенге дейін жыл сайынғы профилактикалық вакцинация вирустық жүктеменің жоғарылау кезеңінде ауру қаупін болдырмауға көмектеседі.
Жүкті әйелдерге тұмауға қарсы вакцинация екінші триместрдің басында жасалады, әсіресе жүктілік эпидемияның маусымдық кезеңінде болса.
Жүктілікті жоспарлау кезінде вакцинация бала көтергенге дейін 1 ай бұрын жасалады. Вакцинацияның жарамдылық мерзімі шамамен 12 ай екенін есте ұстаған жөн.
Вакцинация толық сау денсаулық жағдайында және вирустық немесе бактериялық аурудан кейін 2 аптадан кейін жүргізіледі.
Вакцинациялау кезінде сырқаттану - бұл дәрігердің зерттеп-қарауына және вакцинация күнін кейінге қалдыру үшін себеп болып табылады.
Вакцинаның әсері вирусты жұқтырудан абсолютті қорғаныс болмаса да, ауру пайда болған жағдайда пациенттерде, оның ішінде жүкті әйелдерде клиникалық көрініс белгілері төмен болады, ауруы жеңіл түрде өтеді және асқыну сирек болады.
Вакцинация туралы шешімді жүкті әйел емдеуші дәрігер оған ауру ағымының ерекшеліктері, асқыну қаупі, вакцинацияның пайдасы мен ықтимал асқынулары туралы толық ақпарат бергеннен кейін өзі қабылдайды.
Вакцинациядан бұрын жүкті әйел міндетті түрде акушер-гинекологта қарап-тексерілуі керек және оған вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің жоқ екені туралы қорытынды беріледі.
Акушер-гинекологтың зерттеп-қарауынан кейін жүкті әйелді емхананың учаскелік дәрігері (ЖПД) қарап-тексереді және вакцинацияға қарсы көрсетілімдердің жоқ екені туралы қолына қорытынды береді.
Акушер-гинеколог және терапевт дәрігерлерінің қорытындыларымен жүкті әйел вакцинация жасау үшін тұрғылықты жері бойынша емхананың егу кабинетіне жүгінеді.
Тұмауға қарсы уақтылы вакцинация тек қана ананы емес, нәрестені де қорғауға көмектеседі және жүкті және бала жоспарлайтын барлық әйелдерге ұсынылады.
Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ екені есіңізде болсын.
Біз өз денсаулығымыз үшін және балаларымыздың денсаулығы үшін жауаптымыз.