​Қазақстанда 20 сайт жұмысын уақытша тоқтатады

0
1 191

Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АО өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.


​Қазақстанда 20 сайт жұмысын уақытша тоқтатады

Бүгін мемлекеттік органдардың 20 сайтына кіру уақытша мүмкін болмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2019 жылғы 16 ақпанда сағат 21:00-ден 13:00-ге дейін телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстар жүргізілетіндігі туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;
- «Электрондық Үкімет» Порталы;
- «Электрондық Үкіметтің» Төлем Шлюзі;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шлюзі;
- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі;
- Қазақстан Республикасының Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
- Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;
- «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры;
- «Ашық Үкімет» порталы;
- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;
- Сервистік бағдарламалық өнім «Монополист» базасы;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.