Қазақстанда 33 градусқа дейін ыстық болады

0
716

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.


Қазақстанда 33 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" орталығы 18-20 сәуір күндеріне арналған ауа райы болажамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстанның батыс және солтүстік-батыс аймақтары Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады. Осыған орай, найзағай, екпінді жел және жаңбыр күтіледі. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы солтүстікте +20...+28 жылыға дейін, ал оңтүстікте +25...+33 жылыға дейін көтеріледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген синоптиктердің мәліметінде.