Бұл – 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар.
ERNUR.KZ. Бүгін, 12 тамыз күні, Қазақстанда Халықаралық жастар күні атап өтіледі. 2024 жылдың басында республика жастарының саны – 5 759 781 адам. Бұл – 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл ретте Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын еске салды.
Биыл наурыз айында аудиториясының 60%-ы жастарды қамтыған «9-20-25/Отау» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. 1 мамырдағы жағдай бойынша жас отбасылардан 16 747 өтініш берілді. Сонымен қатар 18 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін еліміздің 16 өңірінде жылдық кредит бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5%, бастапқы жарнасы 10% және 25 жылға дейінгі мерзімі берілген жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, - деп жазды министрлік.