Қазақстанда 6 әкім қызметінен босатылды

0
585

Министрлік Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі Талғат Умралиевтің отставкалары қабылданбағанын айтты.


Қазақстанда 6 әкім қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жыл басынан бері аудандық және облыстық деңгейдегі алты әкім қызметінен босатылды. Мұндай статистиканы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынды, деп жазады Stan.kz.

Аудандық және облыстық деңгейдегі тоғыз әкім қызметінен кету туралы өтініш жазды, алтауы қызметінен босатылды деп хабарланды.


"Күні кеше ғана, 28 қыркүйекте Қостанай облысы, Рудный қаласының әкімі, осы қызметте 2011 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Бақытжан Гаязов отставкаға кетті. Атырау облысы Құрманғазин ауданы Қайрат Нұртаевтың орынбасары Үркен Тәжібаев сотталып, әкім қызметтен кетті", - деді брифингте.


Министрлік Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов пен Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі Талғат Умралиевтің отставкалары қабылданбағанын айтты. Облыс әкімдерінің өкімдерімен оларға сөгіс жарияланды.


"Сәтбаев қаласының әкімі қызметінен кете алмады, өйткені оның қарамағындағылар түзету енгізілместен бұрын, яғни 2019 жылдың 10 желтоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған", - деді олар брифингте.


Сонымен қатар, бес жағдайға бақылау жүргізіліп жатқандығы хабарланды. Сондай-ақ, департамент әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі туралы айтты. Атап айтқанда, отыз екі топ-менеджер жауапкершілікке тартылды, оның бесеуі жұмыстан шығарылды, сегізібосатылды, үшеуіне толық сәйкес келмейтіндігі туралы ескерту жасалды, тоғызына қатаң сөгіс, бесеуіне сөгіс, екісінде ескерту жасалды, оның он үшін қызметінен айырылды.