Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізушілерге кредит беру талаптары өзгерді

0
433

2024 жылдың 15 шілдесінде әлеуметтік өнімдерді сатып алуға жеңілдетілген несие алудың жаңа ережелері күшіне енді.


Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізушілерге кредит беру талаптары өзгерді

ERNUR.KZ. Жоғарғы аудит палатасының тапсырмасына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі негізгі азық-түлік тауарларының бағасын бақылау жүйесіне маңызды өзгерістер енгізді, деп жазады sputnik.kz.

Мысалы, Маңғыстау облысында бюджет қаражатының пайдаланылуы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит барысында өңірде азық-түлікке деген қажеттіліктің негізінен ҚР басқа облыстарынан және көрші елдерден жеткізуді ұлғайту есебінен өтелгені анықталды. Бұл нарықтық бағаның өсуіне әкеп соқты.
Сонымен қатар, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік коропорация кәсіпкерлік субъектілеріне 0,1%-бен кредит беру арқылы бағаны тұрақтандыруға тырысқан. Алайда қарыз алушыларды іріктеудің нақты өлшемшарттары айқындалмаған, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болу мүмкіндігін көрсетеді. Бұдан басқа, қарыз алушылар тарапынан азық-түлік тауарларының белгіленген бағамен сату міндеттемелері сақталмаған. Берілген осы несиеге сатып алынған кейбір өнімдер 51%-ға дейін жоғары бағамен сатылған.
Осыған байланысты Жоғары аудит палатасы несие берудің осы түрінде бизнеске қойылатын бірыңғай талаптарды айқындау, сондай-ақ бірқатар нақты пәрменді міндеттемелерді белгілеуге тапсырма берді.
2024 жылдың 15 шілдесінде әлеуметтік өнімдерді сатып алуға жеңілдетілген несие алудың жаңа ережелері күшіне енді.
Енді бизнес келесі шарттарды орындауы керек:
заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
заңнамаға сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салықтар, бюджетке төленетін басқа да төлемдер және БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болмауы;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың берген несиелері (қарыздары) бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
азық-түлік тауарларын сақтауға, сатып алу, дайындық және тарату операцияларын орындауға арналған арнайы жабдықтары бар қоймалар мен үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешенді заңды негізде (меншік құқығы, жалдау, сенімгерлік басқару және т. б.) иеленуі;
мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
мамандандырылған ұйым алдында немесе атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ мүлікке шектеулердің болмауы.

Сонымен қатар несие беру шарттарында бизнес үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату, оларды белгіленген бағамен толық көлемде сату кестесін қалыптастыру, сондай-ақ сату фактісін растайтын құжаттарды ұсыну сияқты міндеттемелер көзделеді.