Қазақстанда алғаш рет омырау сүтін сақтайтын банк ашылды

0
325

​Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр.


Қазақстанда алғаш рет омырау сүтін сақтайтын банк ашылды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Қазақстандағы тұңғыш омырау сүтінің банкі ашылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл банкке жиналатын сүт шала туған балалар мен анасы емізе алмайтын балаларға арналған.

«Омырау сүтінің жеке банкі - неонаталдық қызметті жетілдірудегі өте маңызды қадам. Сүт қауіпсіз жағдайда сауылады да арнайы ыдыста сақталады. Кейін дәрігерлер оны қатырып, керек болғанда сүтке мұқтаж балаларға береді», - деп хабарлайды министрлік.

Болашақта министрлік елдегі әрбір үшінші деңгейдегі перинаталдық орталықтарда осындай банктер ашуды жоспарлап отыр.