Ұлттық Банктің деректері бойынша 2024 жылғы 30 қазанда таңертең 1 грамм алтынның бағасы бірден 638 теңгеге немесе 1,5%-ға өсті, деп жазады Zakon.kz.
Алтынның бағасы бір унция үшін 2800 долларға дейін көтеріледі (унция = 31,1034768грамм). Кеше Нью-Йорктегі Comex биржасындағы сауда-саттықта алтын бағасы 2 791 долларға дейін көтерілді.
Өсудің негізгі себебі — АҚШ-тағы сайлау жақындаған кезде алтынға баспана активі ретінде сұраныс және ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерінің төмендеуін күту. Инвесторлар бұл оқиғалар доллардың әлсіреуіне және алтынның қымбаттауына әкелуі мүмкін деп болжауда. Алайда, Америкадағы сайлаудан кейін бағалардың төмендеуі күтілуде.
Айта кетейік, жыл басынан бері алтын 43,3%-ға өсіп, инвестициялаудың ең тиімді құралы болды.
Қазақстанға келетін болсақ, бүгін ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша қымбат металдың бағасы бір грамм үшін 43 460 теңге деңгейінде тіркелді, бұл кешегіден 1,5%-ға (бір грамм үшін 42 822,11 теңге) және 1 қазанмен салыстырғанда 6%-ға (40 999,46 теңге) артық. Ал 2024 жылдың 1 қаңтарында 1 грамм алтын 30 323,51 теңгені құраған болатын.