Қазақстанда амбулаториялық-емханалық қызметтердің тарифтік бағасы қымбаттады

0
2 433

Амбулаториялық қызметтегі бағаның өсуі өткен жылдың желтоқсанында басталған.


Қазақстанда амбулаториялық-емханалық қызметтердің тарифтік бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Елде амбулаториялық-емханалық қызметтердің бағасы қымбаттады. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда емдеу мекемесіндегі қызметтер 6,3 пайызға артқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Амбулаториялық қызметтегі бағаның өсуі өткен жылдың желтоқсанында басталған. Бір жылдың ішінде амбулаториядағы дәрігерлердің қызмет ақысы 4,9% -ға, дәрігерге алғашқы жазылу құны - 7,3%, екінші қайтара қабылдау 4,9% -ға өскен. Ал стоматологиялық қызметтер - 7,4%-ға қымбаттаған. Медициналық зертханалық қызметтердің де бағасы - 3,2% артып отыр.

Емханадағы ақылы қызметтердің қымбаттағанын қала тұрғындары да жоққа шығармады. Айтуларынша, дәрігерлерге тегін қызметін пайдаланудың машақты көп.