Көлік министрлігінде аталған мәселе бойынша кеңес өтті.
ERNUR.KZ. Көлік министрлігінде өткен кеңесте Бас көлік прокуратурасы, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еліміздегі әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі талқыланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бүгінгі таңда осындай ғимараттардың нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта аймақтарға бөлуді белгілеу мәселесіне бастамашылық жасады.
Көлік министрі Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган мен ұйымдардың күш-жігерін үйлестіру мен жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР әуежайларына таяу құрылыс процестерінің барысын қатаң бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.
Жергілікті атқарушы органдарға жағдайды ерекше бақылауға алып, аэродром аумағында бұрын салынған ғимараттарды сүру шараларын қабылдау тапсырылды.