Қазақстанда автосақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді

0
508

Бұдан былай міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйқысын есептеу кезінде әрбір өңірдегі апат көрсеткіші есепке алынады.


Қазақстанда автосақтандыру жүйесіне енгізілген өзгерістер күшіне енді

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап Қазақстанның автомобильдік сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер күшіне енді, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұдан былай міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйқысын есептеу кезінде әрбір өңірдегі апат көрсеткіші есепке алынады. Әрбір өңірдің таргеттелетін залалдылығы белгіленіп, соған байланысты тарифтер реттеледі. Сақтандыру ұйымдары осы тарифті түзету коэффициенті есебінен дербес ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы, бірақ ол коэфицент 10% аспайды. Мұндай тәсіл апаттылығы төмен өңірлерде халық үшін сақтандыру құнын төмендетуге мүмкіндік бермек.

Инноваторлардың алдын ала есептеуі бойынша, елдің 11 өңірінде сақтандыру төлемі азаяды, екі өңірде сол деңгейде қалады. Төлемнің ең көп деңгейде Атырау, Алматы қалаларында азаяды. Жамбыл облысында, Қызылордада, Шымкентте, Астанада аварияның жоғары болуына байланысты сақтандыру құнының шамалы өсімі күтіледі.