Қазақстанда бала туу көрсеткіші жөнінен рекорд жаңарды

0
555

Өткен жылы елде 450 652 бала дүниеге келген.


Қазақстанда бала туу көрсеткіші жөнінен рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2021 жылы 450 652 нәресте өмірге келген, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өткен жылы елде 450 652 бала дүниеге келген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25 мың сәбиге немесе 5,9 пайызға көп.

2021 жылы 1000 адамға шаққандағы бала туу коэффициенті 23,41 болған. Ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 22,40 болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін 2020 жылы бала туу бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген болатын. Сол жылы Қазақстанда 425 618 нәресте өмірге келген.