​Қазақстанда баспана бағасы қолжетімді бола бастады - ҚИК

0
1 384

ҚИК Қазақстанда іске қосылатын жаңа ипотека туралы айтты.


​Қазақстанда баспана бағасы қолжетімді бола бастады - ҚИК

ERNUR.KZ. Қазақстан ипотекалық компаниясының басқарма төрағасы (ҚИК) Әділ Мұхамеджанов жылжымайтын мүлік нарығы мен ипотекалық несиелеу нарығындағы жағдай туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Баспана» ретінде Ұлттық банктің нарыққа келуінің арқасында ипотекалық несиелеуді тежеп тұрған кейбір мәселелер шешілді. Бұдан бөлек, Мәжілісте күзгі тыңдалымда ипотекалық нарыққа дем беретін заңнамаларға өзгерістер енгізіледі. Біз қазір екінші деңгейлі банктердің осы салаға қайтып келіп жатқанын көріп жатырмыз», - деді Әділ Мұхамеджанов брифингте.

Ол заңнамаларға кепілді өндіріп алу процедурасын қысқарту мәселелерінің енгізілетінін атап өтті. Бұдан бөлек, Әділ Мұхамеджанов Президент Жолдауында елдегі жалақы мөлшерінің өсетіні аталып өткенін тілге тиек етті.

«Сәйкесінше, бұл Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігі мен табысына әсер ететін болады. Ипотекалық несиелеудің болашағы айтарлықтай жақсы болады деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚИК.

Сондай-ақ, ол жылжымайтын мүлік құнының түсіп жатқанына тоқталды.

«Бағалар қолжетімді болып жатыр. Құрылыс компаниялары бағаларды өсіріп жатқан жоқ. Баспана құны сатып алуға оңтайлы болып тұр, бұл ипотеканы дамытудың негізгі қозғаушы күші», - деп нақтылады Әділ Мұхамеджанов.

Еске салайық, ҚИК Қазақстанда іске қосылатын жаңа ипотека туралы айтты.