Рустам Ахметов, мұнай өнімдерін көтерме саудасына тең қолжетімділік ережелері бекітілетінін, онда қол жеткізу тәртібі мен процесті цифрландыру мерзімдері реттелетінін айтты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, мұнай және мұнай өнімдерін игеру нарығында жанар-жағармайға қол жетімділік біркелкі емес. Сонымен қатар жанар-жағармай мен авиакеросинді сату нарығына мемлекеттің қатысуы жоғары деңгейде.
"Осы салада жанар-жағармайды сату нарығына мемлекеттің қатысуын төмендетуге бағытталған шаралар ұсынылып отыр. Бұл мұнай мұнай өнімдерінің биржалық саудасын дамытуды көздейді", – деп түсіндірді спикер.
Рустам Ахметов, мұнай өнімдерін көтерме саудасына тең қолжетімділік ережелері бекітілетінін, онда қол жеткізу тәртібі мен процесті цифрландыру мерзімдері реттелетінін айтты.
"Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы теңгерімсіздіктің негізгі себебі ретінде диспропорцияны жою үшін өзіндік құнның біртіндеп өсуі жоспарлануда", - деді ведомство өкілі.