Қазақстанда бүкіл банкке ортақ QR-код пайда болады

0
287

Елімізде тұңғыш рет картамен төлеу қағаз ақшаны басып озып отыр.


Қазақстанда бүкіл банкке ортақ QR-код пайда болады

Фото: seeneco

ERNUR.KZ. Өткен жылы Қазақстанда QR-төлемдер 5,3 трлн теңгеден 11,5 трлн теңгеге дейін өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Бір таңғаларлығы, елдегі ақша айналымының 86 пайызы әлі қолма қол ақшамен жүзеге асады екен. Бұған дейін жыл соңына таман барлық банкке ортақ QR-код пайда болатыны туралы айтылған еді.

Осы жылы онлайндағы қаржы айналымы 17,7 трлн теңгеге жетіп отыр. Рас, қазір көпшілігі банкоматқа ақша алуға емес, ақша салуға барады. Қазақстандықтардың бір жылда қолма қол ақшасыз 1 млрд 200 млн рет төлем жасағаны жайлы дерек бар. Бұл 2018 жылғы статистикамен салыстырғанда 2 есе артық. Ел тұрғындарының 90 пайызы телефондағы қосымшалар арқылы ақшасын жұмсайды. Қалғаны POS-терминалдармен жүргізіледі. Ұлттық банк келтірген дерек бойынша, қолма-қол ақша тек банкоматтарға ғана салынады.

Елде 19 млн 700 мың қазақстандықтың банк картасы бар. Бірнеше картасы барлар жетіп-артылады. Қазақстанда 79 млн дана карта бар. Ел азаматтары осы жылы шетелде карта арқылы 162 млн рет төлем жасапты. Оның айналымы – 2,5 трлн теңге.