Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы қайта есептеледі

0
224

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығы еліміздегі дәрі-дәрмектің шынайы құнын анықтауға мүмкіндік береді.


Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті бағасы қайта есептеледі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Қазақстанда дәрі-дәрмектің шекті құнын есептеудің жаңа үлгісін енгізу жоспарланғанын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығы еліміздегі дәрі-дәрмектің шынайы құнын анықтауға мүмкіндік береді.

"Жыл басынан бері Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмек бағасын реттеу әдістемесіне қатысты орынды сын айтылды. Бұл мәселемен белсенді түрде айналысамыз. 1 желтоқсанға дейін жаңа бұйырық шығады. Біз дәрі-дәрмектің шекті құнын есептеудің жаңа үлгісін енгіземіз. Бұйрық шамадан тыс ақша қосылмас үшін дәрі-дәрмектің өз құнын анықтауға бағытталған”, – деді вице-министр.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі кедендік ресімдеу жүйесімен интеграциялау арқылы дәрі-дәрмек тасымалдау шығындары туралы ақпаратты зерттеп жатыр.