Қазақстанда енді энергетикалық сусынды кез келген адам сатып ала алмайды

0
411

Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.


Қазақстанда енді энергетикалық сусынды кез келген адам сатып ала алмайды

ERNUR.KZ. 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады, деп жазады baq.kz.

Мәжіліс депутаты Ернұр Бейсенбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда таныстырды.

Енді энергетикалық сусындарды сатып алу үшін азаматтардың жасы 21-ден асқан болуы керек. Оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға (соның ішінде сатушының қатысуынсыз – автоматтар, басқа электрондық немесе механикалық құрылғылар арқылы) тыйым салынады. Тиісті түзетулерді бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады.

Сонымен қатар Үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.