Қазақстанда қант бағасы арзандады

0
889

Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған.


Қазақстанда қант бағасы арзандады

ERNUR.KZ. Қазақстанда қант бағасы арзандады. Ұлттық статистика бюросының деректері солай дейді, деп жазады stan.kz.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан 19,4%-ға өскен.

Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған. Сондай-ақ пияздың бағасы 3,1%, картоптың бағасы 1,1% төмендеген.

Күріш бір аптаның ішінде 1,5% қымбаттаған. Сонымен қоса бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы да 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өскен.

"Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады", - делінген статистика бюросы ұсынған ақпаратта.