Қазақстанда қант қымбаттап жатыр

0
1 240

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда қант бір айда 33%-ға, ал бір жылда 50%-ға қымбаттады.


Қазақстанда қант қымбаттап жатыр

ERNUR.KZ. Бұл соңғы баға емес, қант қымбаттауы әлі өсуі жалғасып жатыр, деп жазады Zakon.kz.

Наурызда Energyprom.kz сайтының хабарлауынша, елде қанттың келісі орташа есеппен 396 теңгеден тұрды. Бір айда өнім бірден 33,2%, жыл басынан бері 36,1%, бір жылда 50,2% қымбаттады.

Қазақстанның ірі қалалары арасында қанттың ең жоғары бағасы елордада (келісі 449 теңге), Алматыда (444 теңге) және Қостанайда (430 теңге) тіркелді. Ең арзан қант Таразда болды, онда қант 348 теңге тұрады.

Қант бағасының ең көп жылдық өсуі Алматыда (плюс 70,1%), сонымен қатар Қостанай (плюс 64,7%) және Жамбыл (плюс 60,5%) облыстарында тіркелді, деп хабарлады сарапшылар.

Айта кетейік, сәуір айында қант бағасының өсуі жалғасты. Мысалы, ай басынан 26 сәуірге дейін баға тағы 5,4% өсті.

Сонымен қатар зерттеуде 2022 жылдың бірінші тоқсанында елде 51,2 мың тонна қант өндірілгені айтылды.