Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін бе – Министр жауап берді

0
425

Еліміздегі қанттың 75%-ы Ресейден әкелінсе де, қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейді.


Қазақстанда қант қымбаттауы мүмкін бе – Министр жауап берді

ERNUR.KZ. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин күзде қант бағасының өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп жазады stan.kz.

"Қант қымбаттамайды деп ойлаймын. Бірақ мұндай жағдай орын алса, қазақстандық нарықпен байланысы болмайды. Яғни бұған Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі мүмкін немесе қазіргі Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал", – деді Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін еліміздегі қанттың 75%-ы Ресейден әкелінсе де, қант өндірісі ішкі қажеттілікті өтемейтінін жазған болатынбыз.