Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

0
413

Елімізде киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір жылда 10%-ға қымбаттаған.


Қазақстанда киім-кешек пен аяқ киім қымбаттады

ERNUR.KZ. 2022 жылдың маусым айында киім-кешек пен аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға, ал бір жылда 9,7%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Осы жылдың 1 тамызындағы деректер бойынша ТМД елдері арасында ең қымбат киім Ресейде екен. Бұл елде джинсы 89,8 АҚШ доллар тұрады. Ерлердің былғары іскерлік аяқ киімінің бағасы 125,2 АҚШ доллар болса, Nike кроссовкаларының бағасы 109,9 АҚШ доллары екен. Ал, жазғы көйлекті 55,2 АҚШ долларына сатып алуға болады.

Қазақстанда ТМД бойынша ең төмен бағалар бар деп айта алмаймыз. Себебі елімізде джинсы бағасы 67,4 доллар екен. Ерлердің былғары іскерлік аяқ киімінің бағасы – 81,3 АҚШ доллар болса, Nike кроссовкаларының бағасы 69 АҚШ доллар болады. Жазғы көйлек бағасы – 33,4 АҚШ доллар.

Айлық динамикада Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында бағалардың өскенін аңғаруға болады.

Ал жылдық динамикада Маңғыстау облысының тұрғындары киім-кешек пен аяқ киім бағасының бірден 16,5%-ға өскенін байқаған. Антилидерлер үштігіне Қызылорда және Атырау облыстары кіреді. Ең төмен баға Алматыда (6,3%) тіркелді.

Маусым айында ерлер киімі 1,1%-ға, аяқ киім 2,1%-ға қымбаттаған. Бір жыл ішінде ерлер киімі 9,1%-ға, аяқ киім бағасы 9,5%-ға өскен.

Ерлер киім-кешегі арасында майкалар (14,9%-ға), джинсы (10,7%-ға), спорттық костюмдер (10%-ға), футболкалар (9,8%-ға), шұлықтар (9,7%-ға), қысқы күртешелер (8,7%-ға), жейделер (8,2%-ға), жел күртешелері (7,9%-ға), маусымдық пальто (6,7%-ға), жемпірлер (5,4%-ға), шалбарлар (5,2%-ға) бағалары қымбаттаған.

Бір жыл ішінде ерлер аяқ киімінің бағасы да өзгеріске ұшыраған. Мысалы, сандалеттер мен жазғы туфли (11,6%-ға), қысқы етік (10,4%-ға), ересектерге арналған үй аяқ киімі (9,8%-ға), маусымдық және қысқа бәтеңке (8,9%-ға), туфли (8,1%-ға), кроссовкалар (7,9%-ға) бағалары өскен.

Әйелдердің сыртқы киім бағасы бір айда 1,3%-ға, бір жылда 8,9%-ға өскен. Ал, аяқ киім бағасы бір айда 1,4%-ға және бір жылда 9,5%-ға көтерілген.

Жылдық динамикада көйлектер бір жылда бірден 11,9%-ға, футболкалар 11,2%-ға, қысқы күртелер 10,8%-ға, блузкалар, спорттық костюмдер 8,8%-ға, шалбар мен колготкилер 8,7%-ға қымбаттаған. Бұдан басқа пальто, халат, үлбір тондар, джинсы және т.б. киім-кешек түрлерінің бағасы да көтерілген.

Бір жылда аяқ киім арасында былғары сандалийлер (12,5%-ға), қысқы етік пен бәтеңке (10,2%-ға), маусымдық етік пен бәтеңке (8,8%-ға), өкшесі төмен былғары туфли (8,4%-ға), кроссовкалар (2%-ға) бағалары өскен.

Балаларға арналған киім-кешек пен аяқ киім бағасы да қымбаттаған. Сыртқы киім бағасы бір айда 1,1%-ға, ал бір жылда 9%-ға өссе, аяқ киім бағасы бір айда 1,9%-ға, бір жылда 14,7%-ға көтерілген.

Бір жылда футболка (12,8%), пижама (11,9%), шұлықтар мен гольфилер (10,9%), мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық күртешелер (10,5%), қысқы комбинезондар (10,3%) бағасы қымбаттағанын байқауға болады.

Бұдан бөлек мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы күртешелер (9,7%), джинсы (9,3%), шалбар (9,1%), колготки (8,6%), ұл балаларға арналған жейделер (8,5%), спорттық костюмдер (7,9%) бағасы да көтерілген.

Балалар аяқ киімінің бағасы да қымбаттаған. Қысқы балалар етігі мен бәтеңке (15,9%), кроссовкалар (15%), жазғы сандалийлер мен туфли (13,4%), балалар маусымдық аяқ киімі мен қысқа аяқ киім (13%), қыздарға арналған туфли (9,7%) бағалары өскен.