Қазақстанда кітап бағасы 16% өскен

0
715

Кейінгі рет кітаптың ең қатты қымбаттағаны (жылдық) 2016 жылғы тамызда тіркелді.


Қазақстанда кітап бағасы 16% өскен

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2022 жылғы қарашада былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда кітаптар 16,5% қымбаттаған, деп жазады zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өңірлік бойынша кітап бағасы Ақмола облысында ең көбірек өскен – 43,4%. Сонымен қатар Түркістан облысында (41,4%), Астанада (38,3%), Қостанай облысында (28,9%) және Атырау облысында (24,9%) да қымбаттаған. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.

Кейінгі рет кітаптың ең қатты қымбаттағаны (жылдық) 2016 жылғы тамызда тіркелді. Ол кезде баға 26,4% өсті.