Қазақстанда көліктерді жалған құжат арқылы жаппай заңсыз тіркегендер анықталды

0
815

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.


Қазақстанда көліктерді жалған құжат арқылы жаппай заңсыз тіркегендер анықталды

ERNUR.KZ. "Азаматтарға арналған үкіметтің" Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді.

Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды.

Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 миллион теңге.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды.