Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 100-ге жетті

0
583

2 әйел және 1 ер адам көз жұмды.


Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 100-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZcoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласында - 1946 және 1952 жылдары туған әйелдер мен 1963 жылы дүниеге келген ер азамат коронавирус індетінен көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген сайтта.

Қазақстан бойынша барлығы 100 адам қайтыс болды.