Қазақстанда көшеде вейп ұстағандар тоқтатылып, қайдан алғаны сұрала ма?

0
513

Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін.


Қазақстанда көшеде вейп ұстағандар тоқтатылып, қайдан алғаны сұрала ма?

ERNUR.KZ. Жақын арада Қазақстанда вейпті таратуға және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен заң талаптарын орындамағандар қалай анықталатыны сұралды, деп жазады tengrinews.kz.

"Жедел жұмыс, бізде ол заңды негізде. Барлық тетік бар", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Журналистер "қазақстандықтарды көшеде тоқтатып, олардан вейпті қайдан алғаны сұрала ма" деп нақтылау сұрағын қойды.

"Керек болса, табамыз", - деп қысқа жауап берді Сәденов.

Еске салайық, Қазақстанда вейп әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салынуы мүмкін. Тиісті заңды 24 қаңтарда Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.