Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылардың саны азайды

0
413

Қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың көрсеткіші төмендеген.


Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылардың саны азайды

Вакцинациялау нәтижесінде қызылшамен сырқаттанушылардың саны төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚРДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар қызылша инфекциясымен күресте оң динамикаға әкелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше қаңтардың соңғы үш аптасында аурудың көрсеткіші төмендеген.

Қаңтар айында сырқаттанушылық өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда ел бойынша 8%-ға төмендеді. Қосымша жаппай иммундау аясында 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілді, яғни миллионнан астам халық вакцинацияланды.1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялаумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті.27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл вакцинациялау жүргізілді.Бұрын вакцинациялауды өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді, - деп көрсетілген хабарламада.

Жүргізілген шараларға қарағанда елімізде қызылша бойынша жағдайдың тұрақталғанын байқауға болады. Өткен жылмен салыстырғанда ауруханада ем қабылдаған балалардың да аз екенін аңғаруға болады.

2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда емдеуге жатқызу деңгейінің 25%-ға төмендеуі байқалады. Төсек қорының орташа қамтылуы ел бойынша 52%-ды құрайды. Астана қаласында, Ақмола, Павлодар және Жамбыл облыстарында төсек-орынмен қамтудың орташа деңгейінен жоғары деңгейде сақталуда. Министрлік барлық жағдайы ауыр балаларға мониторинг жүргізеді, қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі түрлі бейіндегі мамандарды тарта отырып, телемедициналық консультация өткізеді, - деп жазады министрлік.