Қазақстанда майнерлерге салынатын салық 10 есе өседі

0
852

Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады.


Қазақстанда майнерлерге салынатын салық 10 есе өседі

ERNUR.KZ. Қазақстанда цифрлық майнингке тұтынылған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 10 теңге салық салу жоспарланып отыр, деп жазады Stan.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, ведомство майнингке салықты бірнеше есе ұлғайту бойынша тиісті тәсілдерді пысықтап жатыр.

"Бүгінгі таңда шамамен 640 МВт электр қуатын ресми тіркелген майнингтік компаниялар тұтынады. Сонымен қатар "көлеңкелі" майнингті тұтыну ресми тіркеуді талап етеді", – деді министр үкімет отырысында.

Қуантыровтың айтуынша, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы.

Осыған байланысты министрлік тұтынған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына салық мөлшерлемесін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін өсіруді көздеп отыр.

Сондай-ақ майнингтік фермалар үшін неғұрлым жоғары тарифтер белгілеу үшін оларды энергия өндіруші ұйымдар тұтынушыларының жеке тобына бөлу жоспарлануда.

Айта кетері, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнингке салық салына бастады. Қазір Қазақстанда жұмыс істейтін майнингтік фермалар тұтынған электр энергиясының әр 1 киловатт-сағатына 1 теңгеден төлейді.