Қазақстанда медициналық масканың бағасы 60 теңгеден аспауы тиіс

0
569

Бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 25%-ға төмендетілді.


Қазақстанда медициналық масканың бағасы 60 теңгеден аспауы тиіс

ERNUR.KZ. Елімізде медициналық масканың шектік бағасы бекітілді, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.

"Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді", - делінген ресми хабарламада.